Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі алға басушылық байқалуды - премьер-министр

"Бүгінгі сіздердің баяндамаларыңыздың барлығы сапалы. Бірақ, жалпы алып қарасақ, біздің баяндамаларымыз қандай, немесе біз оны қалай құрамыз, ол (денсаулық сақтау - агенттік тілшісінің ескертпесі) кімге бағынады - министрлікке ме немесе облыстарға ма, мұның бәрі ауырған адам үшін бәрі бір",- деді премьер-министр облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаменттердің директорларына қарап сөйлеген сөзінде.

"Сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік реформалаудың негізгі мақсаты премьер-министр мен үкімет арасындағы стратегиялық жоспармен қорытындыланатындығын тағы да атап өтем",- деді Кәрім Мәсімов. "Егер біз мақсатымызды дұрыс қоя білсек, онда міндеттер де дұрыс шешілетін болады",- деп қорытындылады премьер-министр.