Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады

"Біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыратын арнаулы қор құруды жоспарлап отырғанын естіп қуандық. Бұл экономикалық жағынан тиімді идея",- деді ол.

"Біз үшін Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесу үлкен абырой. Біз Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының жай-күйі мен жалпы аймақ халқының денсаулық жағдайын жақсарту мен қамтамасыз етуде Қазақстан атқара алатын рөл жайлы талқыладық",- деді Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен.