Қазақстанда деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге арналған "тікелей линия" жұмысын бастады

Қазақстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің бастамасымен "Үлес 2020" қоғамдық қоры азаматтардан және ұйымдардан діни тақырыпта ақпарат алу үшін және деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық-консультативті орталық ашты.


           Бұл телефонға Қазақстанның кез-келген жерінен тегін телефон соғуға болады, делінген деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге арналған орталықтар қауымдастығының хабарламасында.
           "Тәулік бойы конфиденциалды түрде кәсіби заңгерлер, теологтар, дін танушылар, психологтар консультация береді", делінген хабарламада.
           Біреулер түсініксіз идеялармен басыңызды қатырса, күмәнді діни кітаптар мен журналдардың таралуы жайында білсеңіз, хабарласуыңызға болады, делінген онда.