Қазақстанда діни материалдар жөніндегі сарапшыларға қатысты проблема бар

"Агенттік құрылғалы бергі үш жылдан бері 24 мың діни материал сарапталды, оның ішінде діни әдебиет, діни бірлестіктердің жарғылық құжаттары, аудио-, бейнематериалдар, әркелкі сценарийлер, діни мазмұндағы материалдар болды", деді Астанада сейсенбіде дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ерлан Әбдақасов журналистерге.

Оның айтуынша, деректердің 40% мемлекеттік органдар және мекемелерден түседі, 60% - діни бірлестіктерден, заңды тұлғалардан және азаматтардан. "Жүргізілетін сараптаманың сапасы әрине, оны жүргізетін сарапшыларға байланысты болып отыр.Бұл бағытта бірқатар қиындық бар, өйткені діни сараптама институты енді құрылып отыр", деді ол.

Оның айтуынша, 500 материал бойынша теріс қорытынды берілген."Бәрінің экстремистік сипаты бар деп айтуға болмайды.Бірақ олар діни негізде келіспеушілік туғызуы ықтимал", деді ол.


Е.Әбдақасов интернет-сайттардың мониторингісін қызметтің маңызды бағыттарының бірі, деп атады