Қазақстанда дизель отынын импорттауға тыйым салу ұзартылмақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына
барды.

"Жалпы алғанда, еліміз бен үкімет басшылығының арқасында пандемия кезінде мемлекеттік органдар қоймалардың толып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдағанын атап өткім келеді. Осыған байланысты, біз зауыттарымыздың тоқтап қалуына жол бермедік және ішкі жанар-жағармай нарығында теңгерімді сақтап қалдық", - дейді министр.

Сапар барысында Нұрлан Ноғаев журналистердің сұрақтарына жауап бере


отырып, Энергетика министрлігінің жоспарлары туралы айтып берді.

"Біз қысқы және арктикалық отынды қоспағанда, дизель отынын
импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды
жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі
қабылданбады, бірақ ішкі нарықты дизель отынымен толтыру үшін
алғышарттар бар екенін атап өткім келеді", - деді Нұрлан Ноғаев.