Қазақстанда доллар айтарлықтай қымбаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 10,45 теңгеге қымбаттап, 464,81 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 23 маусымдағы ресми бағамы 454,11 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 464,56 теңге, сатылымда - 469,31 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 464,86 теңгеден сатып алып, 468,53 теңгеден сатып жатыр.