Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет - Школьник

"Тек бақылау-тексеру жөніндегі заңнама мен тәжірибеге ғана емес, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет ", - деді В. Школьник.

"Тексеру - реттеу талаптарын қамтамасыз ету құралы. Егер сертификатталған тауарлардың, лицензия берілетін қызмет түрлерінің саны азайтылса, соған сәйкес, тиісті бақылау шараларының саны да азаяды", - деді ол.

В. Школьниктің айтуынша, "қазір шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның тапсырмасымен барлық органдар бақылаушы органдардың нормативтік базасы мен тәжірибесіне жан-жақты талдау жасауда". "Көптеген бірлестіктер мен кәсіпкерлердің топтары, өкілетті сарапшылар мен заңгерлер әлеуметтік зерттеу сауалнамаларын тапсырды.Осындай мәліметтер базасы өңделіп жатыр", - деді ол.