"Бүгін президент үкімет басшысының басқаруымен экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады деп мәлімдеді",- деді Е.Байжанов.
"Біздің экономикамыз нақты озық жобалар жүзеге асырыла бастайтын жаңа кезеңнің алдында тұр. Сол себепті бұл жобамен тек мемлекетткк компаниялар мен мемлекеттік холдингтер ғана айналысуға тиіс емес. Олар жеке меншік сектор мен мемлекеттік компаниялардың бірлескен күш жгерімен жүзеге асады",- деді "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басқармалары төрағасы Сауат Мыңбаев. "Мемлекеттік холдингтер тарапынан энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жүйелі жобалардф жүзеге асыру жоспарлануда",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті