Қазақстанда экономиканы одан әрі диверсификациялау жөніндегі шаралар жоспары жасалады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жанындағы "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқармаларынң төрағасы Нұрлан Құсайыновтың айтуына қарағанда, жобаны ҚР үкіметінің тапсырмасымен "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ халықаралық консалтингтік JAA және ECG компанияларымен бірлесе отырып жасауда.

12 айлық жобаның мақсаты - Қазақстан экономикасының шикізат өндіруден өзге жетекші салаларының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасау болып табылады.
Жоба бюджеті 2,5 млн. долларға тең. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын талдап сараптау негізіндегі нақты ұсыныстар биылғы жылдың аяғына дейін жасалуы тиіс.