"Ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен бүгінде қалыптасып отырған экономикалық өсімнің соңғы кезеңі еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қатер төндіруде",- деді Ә.Сәйденов. "Кейінгі кездері инфляция салыстырмалы түрде бір деңгейде сақталып салғанына қарамастан, тұрақты сипатта болмаса да "экономиканың қызынуы" деп атап жүрген құбылысқа алып келетін кейбір факторлар бар".
Ұлттық банк басшысының пікірінше, осындай қызыну көрсеткішінің бірі ретінде "банктердің несиелік қоржынының өсуін" атауға болады. "Кейінгі 5 жылда бұл қоржын көлемі 10 еседен астам өсті". "Алайда бұл жерде естен шығаруға болмайтын бір жайт бар: экономикамыздағы несиелер 2000-жылдың басында Жалпы ішкі өнімнің 7,5 процентіндей көлемді құрады",- деді банк басшысы. "Кейінгі 5 жылда несиелердің өсімі әжептәуір көрсеткішті құрағанына қарамастан, Жалпы ішкі өнімге шаққанда биылғы жылдың алғашқы жартысында банктер таратқан несиелер үлесінің көрсеткіші 32,6 процент болды. Бұл - ел экономикасы үшін қатерлі көрсеткішке жатпайды",- деді ол.
Осыған байланысты мемлекет тарапынан "экономиканы несиелендіруге және елге келетін капитал тасқынына байланысты кері әсерлердің алдын алатын және оларды тежейтін" шаралар қолданылуда. Бұл шаралар, Ә.Сәйденовтың айтуынша, үш топқа бөлінеді. Біріншіден, елімізге келген капиталдың нұқсанды әсерлерін жеңілдететін шаралар; екіншіден, болашақта капиталдың ағынына шектеу қоюға бағытталған шаралар; үшіншісі - басы артық капиталдың елден кетуіне жағдай жасауға бағытталған шаралар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті