Қазақстанда экспорттаушыларды қолдаудың жалпыұлттық жүйесі құрылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«ҮИИД МБ екінші бесжылдығындағы біздің негізгі міндеттеріміздің бірі өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығару және қазақстандық өндірушілермен макроөңірлердің нарықтарын игеру болып табылады», - деді ол.

Ә.Исекешевтің атап өтуінше, ол үшін Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран сынды әлеуетті аймақтар айқындалып отыр.


«Экспорттаушылар үшін қолдаудың жалпыұлттық жүйесі құрылатын болады. Онда сақтандыру, қаржылай қолдау сынды бірқатар жаңа тетіктер енгізіледі», - деді министр.