Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. доллардан астам жаңа өнеркәсіп өндірісі құрылады

Оның атап өтуінше, ҮИИД МБ-ның алғашқы 5 жылдығы барысында 10-нан астам басымдықты өнім түрлерінің шығарылымы жолға қойылды. Ал 2018 жылға дейін тағы 15 өнім түрі игерілмек.  LG Chem, Еврохим, Fosfa сынды шетелдік инвесторлармен ірі жобалар жүзеге асырылды. Жаңа ірі жобалар салаға шамамен 3 млрд. доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«2019 жылға қарай Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. АҚШ долларынан асатын өнеркәсіп өндірісінің жаңа салалары құрылып, ішкі нарықты тыңайтқыштармен, гербицидтермен толық қамтамасыз етуге қол жеткізіледі, химикаттар өндірісі дамиды», - деді Ә.Исекешев.