Қазақстанда экстремалды туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар - сарапшы

«Қазақстанда экстремалды туризм де жеткілікті деңгейде дамымаған. Ал, біздің елімізде оны дамытуға мүмкіндік жоқ емес», - деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын экстремалды туризм орталықтарына айналдыруға болады.
«Мысалы, тарзанкадан секіру - экстремалдар арасында өте танымал дүние. Алматыдан осыны ұйымдастыратын орын табуға болады. Ол үшін тауда сондай орындар ашып, жарнама жасап жіберсе жеткілікті», - деп атап өтті сарапшы.
«Таудағы ат туризмін де экстремалды бағыттардың біріне жатқызуға болады. Оны Қазақстанның оңтүстігінде дамытуға әбден болады», - дейді Г.Жеңісбек.
«Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығына келетіндердің 80 пайызы голландтықтар, ағылшындар мен немістер. Олар жыл сайын отбасыларымен бірге осында келіп, рахаттанып демалады. Хаң-Тәңірі шыңына шығу да экстремалды туризмнің танымал түрлерінің бірі», - деп атап өтті ол.
Сұхбатты «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқуға болады.