Қазақстанда экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін Vimeo.com сайтына тыйым салынды

Осындай себептермен ҚР аумағында қызмет ететін тағы бірқатар сайттардың жұмысы тоқтатылды.

2017 жылғы 7 қыркүйекте Астана қ. Есіл аудандық соты Vimeo видеохостингі мен бірқатар басқа да интернет-ресурстарды Қазақстан заңнамасына қайшы деп тану туралы шешім шығарып, олардың ҚР аумағындағы жұмысын тоқтатуға қаулы етті.

 «Тұтастай Vimeo интернет-ресурсында қаталдық пен зорлық-зомбылықты, терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттайтын видеоматериалдар көп», - деп хабарлады сотта.

Баспасөз қызметінде атап өтілгендей, интернет-ресурстарда таратылған материалдарды талдау оның заңға қайшы екендігін көрсетті, материалдар террорлық әрекетті жүзеге асыруға шақырады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынған.