Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрлігі электр энергетика департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов мәлім етті.
«Үш елдің ортақ электр энергетикалық нарығы тұтынушыларға әсер етпейді. Неге? Себебі ортақ нарықты құру принципінде алдымен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету қажет, сосын ғана артылған электр қуатын одақ елдеріне экспорттауға болады. Бірыңғай сатып алушы енгізілгеннен кейін Қазақстандағы тарифтерді аймақтар бойынша теңестіруді жоспарлаудамыз. Үш елдің ортақ нарығы біздің энергожүйемізге соншалықты әсер етпейді», - дейді ол.