Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

 «Мемлекеттік Эрмитаж және ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», - деді ол.

Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер, шеберлік-сыныптары, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді шаралар қамтылып отыр.

Министрдің орынбасарының айтуынша, сонымен қатар ресейлік танымал ғалым, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский елімізге келмек.