Шешім акционерлердің кезектен тыс мәжілісінде 27 маусымда қабылданды.
"Біз акционерлердің осы шешіміне ризамыз, бұл бізге қаржы ұйымдарының адами және қаржылық ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар First Heartland Jýsan Bank (Жусан банк) беделін бүгінгі күні елдегі ең тұрақты және өтімді банктердің бірі ретінде нығайтады", - деп мәлімдеді First Heartland Jýsan Bank АҚ басқарма төрағасы Бекжан Пирматов.
2019 жылдың бірінші тоқсанында First Heartland Jýsan Bank 680 млрд. теңгеден астам немесе активтердің 70% -ы бар жоғары өтімді активтер бойынша көшбасшылардың үштігіне кірді. Несие қоржыны бойынша резерв беру көлемі бойынша, бірінші орынды иеленді. Бірігуден кейін First Heartland Jýsan Bank активтері 1 трлн теңгеден асады, ал жоғары өтімді активтер 800 млрд теңгеден асады
"Бұл өте жақсы жаңалық, әсіресе, біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін. Біз банктің мінсіз қаржылық жағдайы мен жақсы клиенттік базасы бар банкке қосыламыз. Ол банк секторындағы біздің ұстанымымызды нығайтады", - деп қорытындылады Пирматов.