Қазақстанда екі күн ішінде 12 адам жол-көлік апатынан қайтыс болды

ТЖМ хабарлағандай, 28 маусымда кешкі 21 сағат 15 минутта Павлодар облысында Екібастұз қаласынан 3 шақырым жерде екі "ауди" көліктері бір-бірімен соқтығысқан. Осы жол-көлік апатының салдарынан қос жүргізуші мен олардың алты бірдей жолаушылары оқиға орынында естерін жимастан қайтыс болып, бір жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.