Қазақстанда екі жолаушылар пойызы жолда бұзылу салдарынан кестеден артта қалды

Сағат 03:30-да Шу станциясына келген кезде N12 "Шымкент–Алматы" бағытындағы пойыздың N22 вагон тамбурында түтін шыққаны анықталды. Пойыз бригадасы жедел әрекет етіп, түтінді басқан. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Вагонда 46 жолаушы болды, олардың барлығы вагондарға отырғызылып, пойыз бір сағаттан кейін жолға шықты. Вагон босатып алынып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар, сағат 05:45-те Көктас станциясында техникалық вагондардың дизельді-генераторлық қондырғы жұмысының бұзылуы салдарынан "Петропавл–Алматы" бағытындағы N152 жолаушылар пойызы тоқтатылды.


Patentes Talgo,S.L компаниясының техникалық қызметкерлер құрамының күшімен ақауды жою шаралары қабылданды. 6 сағат 11 минут кідіруге мәжбүр болған пойыз ақау қалпына келтірілгеннен кейін қайта жолға шықты.