Қазақстанда екі-төрт саяси партия болуы тиіс - ҚР президенті

"Менің пікірімше, бізде саяси жүйе дамуы керек, партиялар дамуы керек және Қазақстандағы жағдайда халықты өзіне қарата алатын , өз бағдарламаларын ұсына алатын, билікке келіп өздерінің мақсат тұтқан ойларын жүзеге асыра алатын екі төрт ірі саяси партия болуы керек",-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы алда жүзеге асырылатын саяси реформалар парламент пен жергілікті биліктің өкілеттігін кеңейтуді көздейтіндігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті