Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Амилай
Әлеуметтік желіде әрбір сөзі хит болатын трансгендер. Парақшалары бұғатталып, бірақ кейін оқырмандарды тез жинап алады.
Амилай арқылы танылған Абылай Баймұратов Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында Алладан қыз болып оянуды сұрайтынын айтқан болатын.
"Мен 15 жасымнан бастап намаз оқыған адаммын. Үш жыл бойы оқыдым, 18 жасыма дейін. Әрбір намаз оқып болған соң тілейтін тілегімде: «Аллахым, қыз болып оянайыншы!» дейтін едім. Жан-дүниеммен қалайтын едім. Ораза ұстаған сайын, Қадір түнінде Қыдыр атадан қыз болсам екен деп тілек тілейтін едім. Сол себепті, ешкімнің өміріне араласпаңыздар, ұнамаса жай ғана қарамаңыз, болды. Өздеріңіздің өмірлеріңізді реттеп алыңыздар, басқаларды зерттемей", - деп сұхбат берген болатын Амилай.
Нико
Инстаграм мен тик ток желісінің жұлдызы. Никоның негізгі есімі - Наиль. Трансгендер сұхбаттарының біріеде кішкентай кезінен бастап қыздардың киімін, оның ішінде қызғылт түсті жақсы көргенін айтып берді.
"Кішкентай кезімнен бастап қуыршақтармен ойнап, қызғылт түстер ұнайтын. Көптеген психологтарға бардым бірақ олардан көмек болмады. Тіпті өзіме қол салмақ болған кездер де болды. Бірақ қазір өзімді қабылдадым, қазір мені тіпті анам қолдайды", - деді Нико.
Айя
Түркістан облысынан шыққан жігіт кішкентай кезінде зорлыққа ұшырап, сол кезден бастап оған қыз болу ұнай бастаған. Кеудесін өсіріп, қызша киінгенімен де ол жынысын ауыстырмаған. Ол YouTube желісіндегі бағдарламалардың бірінде қайтадан ер азамат боламын деп уәде бергенімен уәдесінде тұрмады.