«Біз халықты ортақ саяси платформаға біріктірудің ең дұрыс жолын таптық. Оның мәнісін баршамызға ұғынықты және адамның жұмыс, отбасының бақуаттылығы, балаларды оқыту, денсаулық, қауіпсіздік сынды қарапайым сұраныстарын қанағаттандыруға көмектеседі.
Біздің қоғамда ешкімге де этникалық артықшылық берілмеген, бәрі де заң алдында бірдей. Қазақстандықтардың бәрі – біз бірге дамытып, экономикасын жақсартып келе жатқан ортақ туған жеріміздің балалары болып табылады», - деді Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халықтары ассамблеясының XXI сессиясында.
«Біздің ойлайтынымыз біреу: Қазақстан халқының әл-ауқаты. Бәріміздің мақсатымыз – ортақ отанымыздың гүлденуі», - деді мемлекет басшысы.
«Бұл менің мемлекет басшысы ретінде жүргізіп келген, алдағы уақытта жүргізетін саясатым», - деп атап өтті президент.