Қаулыға ҚР премьер министрі К.Мәсімов 2007 жылы 4 сәуірде қол қойған. Бұл ҚР 2003 жылы 12 маусымдағы "Темекі өнімдерінің өндірісіне және сауда айналымын мемлекеттік реттеу" туралы заңына сәйкес шығарылған қаулы".
Қаулы мәтініне сәйкес республикада фильтрлі темекілердің бөлшектік саудасына /қорап/ 45-тен 85 миллиметрге дейін және осы өлшемнен 1 миллиметрге дейін сәл ауытқыған түрлер 40 теңге, ал ұзындығы 87,1-ден 160 миллиметр өлшемдегілер 50 теңге болып ең төменгі баға белгіленді.
"Бұл қаулы күшіне бірінші ресми түрде жарияланған күннен 20 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді",-деп көрсетілген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті