Қазақстанда ғарыштық технологиялар саябағы құрылады

"Біз бұл жобаны таяу уақыттарда жүзеге асыруға кірісеміз",- деді С.Тұржанов. Бастапқы кезеңде жобаға 150 млн. доллар жұмсалады. "Біз отандық кәсіпкерлер үшін тартымды инвестициялық кеңістік қалыптастыратын боламыз",- деді С.Тұржанов.

Оның айтуынша, ғарыштық технологиялар саябағы ғарыш зерттеуі саласындағы инновацияларды жобалау және оларды қолданысқа енгізумен шұғылданатын болады.