Қазақстанда ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Жарлыққа сәйкес, ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшінБілім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Тынысбек Кәлменовке берілді.

Сонымен қатар, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Eрбол Махамбетов; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Анестезиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Айса Нұрпейісов; Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Марат Рабандияров; Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін: «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры Ахметқал Медеуге; Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері Фарида Ақияноваға; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Әлия Бейсеноваға; «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі Виктор Благовещенскийге; «Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі Мирғали Қонаевқа; «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері Игорь Мальковскийге; Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері Эмиль Нұрмамбетовке берілсін» делінген құжатта.