Қазақстанда ғылым қоры құрылады

"Тәжірибелік-конструкторлық жобаларды үйлестіру мен қаржыландыру үшін 100 процент мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам - ғылым қоры құрылады",- деді Н.Назарбаев республиканың Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдық мерейтойына арналған жиында. Президенттің айтуынша, "қор тәжірибелік-конструкторлық жобаларды қаржыланддыру мен мониторинг жүргізумен шұғылданады".

Президенттің айтуынша, 2007-жылы ғылыми-техникалық қызметті грат түрінде қаржыландыруға 2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы еліміздегі ғылымды қаржыландыру сомасының оннан бір бөлігін құрайды, деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті