"Ғылым қоры" АҚ басқару төрайымы болып Әсел Нүсіпова тағайындалды. АҚ директорлар кеңесін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Азамат Әбдімомынов басқарады. Ал кеңес құрамына премьер министр кеңсесінің әлеуметтік мәдени даму бөлім бастығы Фархат Қуанғанов, Білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитеті төрағасы Тілекқабыл Рамазанов, Білім министрілігінің Аэроғарыштық комитетінің төрағасы Марат Нұрғожин, Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің төраға орынбасары Бақытбек Тәшенов, "ҚР Ғылыми-техникалық ұлттық орталық" РМК бас директоры Ербол Сүлейменовтер қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті