"Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экологиялық заң бұзушылықтар бойынша 45 қылмыстық және 620 әкімшілік іс бойынша өндіріс аяқталды, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға қатысты шағымдар бойынша 143 азаматтық іс аяқталды", - деді В. Борисов.
"Осы санаттағы қылмыстық істерді шешу тәжірибесіне жүргізілген зерттеулер Қазақстандық судьялардың экологиялық қылмыстардың құрамын айқындауда қиындықтарға душар болмайтынын көрсетті. Алайда, сонымен бірге, шығынды айқындау әдістемесін теріс пайдалануға байланысты экологиялық қылмыстардан келген шығындардың орнын толтыру мәселелері жиі шешілмей қалады", - деді ол.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының төрағасы Вячеслав Лебедевтің пайымдауынша, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жүктелетін ең тиімді әкімшілік жаза - шаруашылық субьектілерінің іс-қызметін тоқтата тұру болмақ. "Ресейде әкімшілік заң бұзушылықтар үшін жүктелетін басты жаза түрлері - айыппұлдар, 2007 жылы бұл жаза 9000 тұлғаға жүктелді", - деді ол.
"Қазір әкімшілік заң бұзушылықтар үішн жүктелетін жазаны күшейту мәселелері қаралуда, Ресей үкіметі заң бұзушылықтың зардабының ауырлығына байланысты айыппұл көлемін ұлғайту қарастырылған заң жобасын дайындады", - деді Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының төрағасы.
"Дегенмен, біздің пікірімізше, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жүктелетін ең тиімді әкімшілік жаза - шаруашылық субьектілерінің, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің де, заңды тұлғалардың да іс-қызметін тоқтата тұру болмақ. Бұл шара бізде жиі қолданылады: 2007 жылы табиғат пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 200-ден аса заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің іс-қызметі тоқтатылды", -деді ол.