Қазақстанда «Имам» тегін таксиі пайда болды

Қасиетті Рамазан айында ең игі істердің бірі ретінде осындай қызметтің қажеттігі туралы мәлімдемені талай рет Діни басқармаынң Бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров жасаған.

Жобаның жүзеге асырылған алғашқы жері - Шығыс Қазақстан облысы. «Тарауық намазы кешкі уақытта өтеді. Көптеген діндарлар такси қызметін жалдай алмайды. Сондықтан біз бұл идеяның Рамазан мәніне тамаша сәйкес келетінін шештік.

Такси жұмысы басталғаннан-ақ ерекше танымал болды. Оған қоса, мешіттегі тарауық намазына қатысқысы келетіндердің саны да өсіп келеді», - дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.