Апталық шеңберінде бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында мамандар кеңес береді, ол үшін ашық есік күндері ұйымдастырылады, делінген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарламасында.
Министрліктің деректеріне қарағанда, Қазақстанда жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн жуық адам екпе алады, оның ішінде 1,3 млн бала бар. Халықты жоспарлы иммундау шарасы қызылшамен науқастану деңгейін 10 есеге азайтуға, қызамық ауруын 68 есеге, эпидемиялық паротитті - 110 есеге, "В" вирусты гепатитін 30,6 есеге, ал балалар арасында оны 200 есеге азайтуға мүмкіндік берді.
2002 жылдан бері Қазақстан полиомиелиттен таза аумақ ретінде сертификатталған, соңғы алты жыл бойы республикада дифтерия ауруы тіркелген жоқ, делінген ақпаратта.