Қазақстанда инфляция 2007 жылдың ақпанында 0,8 пайызды, жылдың басынан бері 1,9 пайызды құрады

Мемлекеттік статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, ақпанда республикадағы азық-түлік тауарлары 1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,2 пайызға, ақылы қызмет көрсету - 1,1 пайызға өскен.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың қаңтарында Қазақстандағы инфляция 1,1 пайызды, жылдың басынан бері - 1,9 пайызды құраған. Екі ай ішінде азық-түлік тауарлары 2,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,5 пайызға, ақылы қызмет көрсету - 2,2 пайызға қымбаттаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті