Ұлттық банктің ҚР Статистка жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2008 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 0,8%-ға, ақылы қызметтердің құны 0,6%-ға өсті.
2008 жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 18,7% (2007 жылдғы желтоқсанда - 18,8%) болды. Азық-түлік тауарлары 26,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар 11%-ға, ақылы қызметтер 14,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.