Қазақстанда инсульт орталықтарының саны 70-ке жеткізіледі


деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов.
Бұл туралы ол сейсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында айтты.
Вице-министрдің ақпаратына қарағанда, бүгінде республикада ондай 40 мекеме бар.
С.Мусинов атап өткендей, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы көрсеткішіне теріс ықпал ететін факторларға балалар өлімі, қан айналымы аурулары, онкопатология және жарақаттар жатады. "Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін министрлік мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар жүйелі шаралар жүргізіп отыр", деді ол.