"Мәселен, АҚШ-та бұл сала 1997- жылдан бері дамып келеді, ол кезде онда Интернетке шығу мүмкіндігін беретін қызмет құны біршама арзандатылған. Қазақстанда бағаның едәуір арзандауы мен блогосфераның дамуы таяудағы 5 жылда байқалуы мүмкін", - дейді А. Леончик.
Веблог (weblog) термині 1997 жылы пайда болған, кейін ол блог (blog) болып өзгерді. Блоггер дегеніміз Интернетте өзінің жеке парақшасы бар адам, ол парақшаны Интернет тұтынушылары түрлі түсіндірмелер мен талқылаулар үшін еркін пайдалана алады. Ірі басылымдар мен халықаралық ақпараттық агенттіктер блоггерлерді ақпарат жинау үшін пайдаланады.
Семинардың жаттықтырушысы, www.neweurasia.net интернет-жобасының үйлестірушісі Әділ Нұрмақовтың айтуынша, қазіргі таңда Интернеттегі блогтардың саны 10 млн-ға жуықтады, олардың саны әрбір жарты жылда екі есеге өсуде.
Семинарда жеке ақпараттық интернет-парақша жасау және оны өткізу жұмыстарына Тараз, Қостанай, Шымкент пен Қызылордадан келген 25 тұтынушы, соның ішінде журналистер мен бейресми ұйымдардың өкілдері машықтанды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті