"Қазақстанның ішінде шоғырланған қаражаттың көлемі соншалық , жалпы инвестиция көлемі азаймайды",-деді ол.
"Біздің банктер, біздің компаниялардың ақшалары бар. Сондықтан олар инвестицияларын елімізден тысқары жерлерге сала бастады",-деді ол.
"Бұл ішкі қаражатты ел ішіне тарту үшін біз қандай жағдай ұсына аламыз? Біз оларды әкімшілік жолмен, бұйрықпен, заңмен мәжбүрлей алмаймыз ғой. Біз шетелдіктерге сияқты өзіміздің отандық компаниялар мен банктерге басы артық теңгелерін Қазақстан экономикасына бағыттауға үгіттеуіміз қажет. Бұл зейнетақы қорлары мен банктегі салымдарға да қатысты. Сол үшін біз жобалар жасауымыз керек",-деп санайды президент.
Оның айтуынша, жолдауда аталған 30 бағыт осы мәселелерді шешуді көздеген. "Осы бағытта жобалар ұсынылатын болады",-деді Елбасы
"Біз еліміздің экономикасын, тұрмыс жағдайын көтеруге көмектескен инвестицияны аз тартпадық. Бұл инвестициялар негізінен мұнайгаз, шикізат өндіру, тау-кен салаларына жұмсалды. Мұнай өндіру салаларын дамытуға әлі де болса инвестиция тартылады. Оларды біз енгізген жоқпыз. Ендігі кезекте сыртқы инвестициялар әрине азая бермек",-деді Н.Назарбаев. Алайда сыртқы инвесторлардың ел экономикасына келуіне тосқауыл болмау керек деп баса айтты Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті