Қазақстанда карантин кезінде той жасаған жұлдыздардың туыстары жазалана ма

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы STAN.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл мәселе денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең біз бұл тақырыпты талқыладық. Ол менің алдымда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинді шақырды", - деді Бағдат Қожахметов.

Ол сондай-ақ қазір Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

"Полиция қатысушыларды, аталған іс-шараның өткізілген орнын, оның шынымен карантин кезінде өткенін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтау үшін тексеру жүргізуде", - деп қортындылады Б.Қожахметов.