Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу", - делінген хабарламада.
Комиссия мәліметінше, тұрғындарға енді көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге болмайды.
Еске салайық, мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда
5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы ұсыныс түскенін айтқан болатын.
Сондай-ақ, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынған еді.