Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев

"Бүгінгі күні жекелеген қиындықтар, проблемалар мен кемшіліктер кездесіп отыр. Көші-қон процессін басқаруда іс-әрекеттерді үйлестіру мен кешенді көзқарас болмай отыр. Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталуда. Ішкі көші-қон бейберекет жүргізілуде. Оралмандарды көші-қон квотасына қамту тетіктері жетілдірілмеген, оралмандар тепе-тең орналастырылмайды, оларды жұмысқа орналастыру тауқыметі туындауда, жұмыссыздық өсіп барады ", - деді Б. Сапарбаев.