Қазақстанда Кавасаки тәріздес синдроммен ауыратын балалар саны 39-ға жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Аурудың клиникалық көріністері - температураның 38 градустан жоғары көтерілуі, ол 24 сағатқа немесе одан да көп уақытқа созылады. Парацетамол, ибупрофен секілді препараттар мұдай жағдайда көмектеспейді. Сондай-ақ бірқатар клиникалық белгілер байқалады. Мәселен, денеде бөртпе, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс жетіспеушілігі, ентігу, жүректе ауырсыну, конъюнктивит, алақан мен аяқтың ісінуі", - дейді маман.

Бұл синдромның нағыз кавасаки ауруынан айырмашылығы, бұл синдром барлық жастағы балаларға, соның ішінде жасөспірімдерге, 21 жасқа дейінгі жастарға әсер етеді.