Қазақстанда KazVenture атты тікелей инвестициялар мен венчурлық капитал қауымдастығы құрылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "қауымдастықты құрудың мақсаты венчурлық және тікелей инвестицияның қаржы сегментіне қатысушылардың мүдделерін біріктіру, олардың пікірлерін қызығушылық танытатын атқарушы билік және заң органдарына ұсыну, сонымен қатар компанияның іс-қызметін елдің бұқаралақ ақпарат құралдары мен қоғам арасында кеңінен айқындау болып табылады".

Қауымдастықтың құрылтайшылары Ұлттық инновациялық қор, "Advant" венчурлық қоры, Centras венчурлық қоры, "Әрекет" жоғарғы технология қоры, Glotur Technology fund және Almaty Venture Capital.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қауымдастық Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен, KazEnergy мұнайгаз және энергетикалық кешені ұйымының Қазақстандық қауымдастығымен, "Қазақстан Петролеум" қауымдастығымен, Қазақстан Республикасындағы Американдық сауда палатасымен, Еуропалық бизнес-қауымдастығымен, Халықаралық салық және инвестиция орталығымен, Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің форумымен, "Атамекен" Одағы" ұлтты экономикалық палатасымен және біріккен шаралар өткізуді, ақпарат алмасуды, қаржы нарығы үшін ең маңызды мәселелер мен проблемалар жөніндегі ортақ ұстанымдарды бірігіп жасауды жоспарлаған басқалармен де ынтымақтастық құру жөніндегі жұмысын бастады, деп хабарлады агенттікке KazVenture баспасөз қызметінен.

Жақын арада инвестиция көлемі, нарықтағы келісімдер, негізгі қатысушылар жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін оқыту ақпараттарын орналастыру жоспарланған веб-сайтты іске қосу жоспарлануда.

"Қауымдастық Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс істеп, венчурлық және тікелей инвестициялар туралы хабарлап, журналистер үшін семинарлар мен баспасөз мәслихаттарын өткізіп, сондай-ақ оларға барлық қажетті көмек жасамақ ниетте",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті