Қазақстанда келесі аптада күн суыта бастайды

Келесі аптада Қазақстанның бірқатар аудандарында күн суыта бастайды, деп ескертуде жұмада республикалық "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны.


           "15-17 қыркүйекте түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында, 16-17 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн 0-3 градусқа дейін суытады", делінген ескертуде.