Қазақстанда келесі оқу жылынан бастап педиатрларды дайындау жандандырылады


Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

«Жаңа бала дәрігерлеріе қатысты мәселелер көтерілді. Біз бәріміз дәрігерлер қателігінің салдарын жақсы түсінеміз, әсіресе балалар дәрігеріне қатысты. Мен бұл ұсынысты толыққанды қолдаймын. Министр Дүйсенова (Тамара Дүйсенова - Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi) және министр Сағадиевке (Ерлан Сағадиев - Бiлiм және ғылым министрi) тапсырма беремiн. Медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерiнiң жұмысын қайта жандандыру қажет. Келесi жылдың бiрiншi қыркүйегiнен бастап студенттердi дайындауды бастау керек», - деді Б.Сағынтаев сейсенбідегі үкімет отырысында.