Қазақстанда кешікпей кремний өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданады

В.Костюченконың айтуынша, "бағдарлама жобасы әлдеқашан жасалып, қазір ҚР үкімет басшысының қарауында жатыр".

Компания вице-президентінің айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіби мамандар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да бірқатар алғышарттар қажет. "Кремний өнеркәсібін мемлекеттің қолдауынсыз дамыту мүмкін емес",- деді ол.
В.Костюченконың пікірінше, "кремний өнеркәсібін дамыту - Қазақстанның өнеркәсіп саласын қазіргіден де жоғары деңгейге көтеретін қосымша локомотивке айналуы тиіс". "Республикада атом электр станциясын салу өнеркәсіпті дамытуға серпін беретін тағы бір фактор болар еді",- дейді компания өкілі. "Балқашта атом электр станциясын салудың бір артықшылығы сол, нәтижесінде сатылатын электр қуатының мөлшері артып, электр қуатын көп мөлшерде талап ететін металлургия өнеркәсібі үшін электр қуатының құны арзандар еді",- дейді ол.