Қазақстанда кез келген адамға несие берілмейді

Енді күзден бастап екінші деңгейлі банктер қарыз бермес бұрын клиенттің жалақысына ғана емес, төлем қабілеті мен өзге де табыс көздеріне мән беретін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

"Клиенттің шотында ақша бар ма, коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеп жүр ме, барлығы ескеріледі. Дүниемүлкінің бар-жоғына да мән береміз. Егер барлығы жақсы болса ғана несие беріледі", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Несие беру талаптарын қатайтып жатқан Ұлттық банк бұл жұрттың белшеден қарызға батуына жол бермейді дейді. Өйткені дәл қазір елімізде 8 миллионнан астам адамның несиесі бар. Берешегін қайтара алмай жүрген көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандардың 300 мыңға дейінгі қаразы мемлекет есебінен өтелетіні белгілі. 


Келесі аптаның соңына дейін жарты миллион адамның несие үстемесі кешіріледі. Қарызды жабу үшін 105 миллиард теңге жұмсалмақ.