Қазақстанда халық жаппай демалатын жерлерде есірткі таратудың өсе түскені байқалады - ІІМ

"Әсіресе, халық жаппай демалатын жерлерде таратуға бағытталған "клуб есірткісі" атанған "экстази", ЛСД және марихуананы тәркілеу деректерінің жиілей түсуі айрықша алаңдаушылық тудырады", -деді Б.Қожахметов.

"Есірткіні оқу орындарында және оларға таяу жерлерде, халық жаппай демалатын жерлерде тарату деректері көбейді".

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда есірткіні тұтынушылардың 51% - 18 - 30 жас аралығындағы жастар, 5,6% - 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Нашақорлардың 74% еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, 8% - ота және жоғары оқу оырндарының оқушылары. Тек 2007 жылы есірткіні артық көлемде тұтыну салдарынан қаза тапқандар саны 473 адамға жеткен, олардың 90% - жастар.

Қазір денсаулық сақтау органдарында есірткілік, психотроптық және улы заттарды тұтынушылардың тізімінде 55,2 мың адам бар, оның 3855 адамы - кәмелеттік жасқа жетпегендер, 4759-ы - әйелдер.