Қазақстанда халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы құрылады



Жарғылық капиталын толық мемлекет шығаратын "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы" АҚ Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімді іске асыру аясында құрылмақшы. 200 млн. теңгені құрайтын жарғылық капитал республикалық бюджет есебінен құралады.
Мемлекеттік кәсіпорын шекаралық ынтымақтастыққа қатысты бағдарламаларды жобалап жүзеге асыру, Қазақстан аумағына инвесторларды тартумен шұғылданатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті