Қазақстанда халықты еңбекпен қамтамасыз ету бағдарламасы 1-ші шілдеде басталады

«Ең алдымен ол (бағдарлама – ҚазТАГ) өз беттерімен жұмыс істеп жүргендер мен жұмыссыздарға және тұрмысы төмендерге бағытталады. Бағдарламаның басталуы биылғы жылы 1-ші маусымда басталады деп жоспарлануда», - деді Б. Нұрымбетов жұма күні сенаттағы тақырыптық конференция барысында.

Оның айтуынша, үкімет «бағдарламаға қатысушыларды оқытып, жұмысқа орналастыруға дайын» мекемелерді қолдайды. «Оларға (жұмыс берушілерге – ҚазТАГ) кадрларды дайындауға кеткен шығынның 70% қайтарылады. Бұл тетік 2012-ші жылдан бастап енгізіледі», - деді вице-министр.

Бұрын хабарланғандай, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы 31-ші наурызда қабылданған.