Қазақстанда халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделі жасалады - еңбек министрі

"Алдағы он жылға есептелген экономикалық белсенді тұрғындардың саны мен еңбек нарығының ахуалы халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделін жасауды талап етеді", - деді Б. Сапарбаев.

Оның айтуынша, жаңа үлгінің мақсаты - "өнімділігі жоғары жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейінің төмендігінің сабақтастығының негізінде" халықты өнімділігі жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады".

"Жаңа үлгінің басты құрамды бөліктері - индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытуды ескере отырып салалардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандарға деген сұранысының нақты болжамын жасауға саяды", - деді ол.