Бауыржан Әбдірәсіловтың айтуынша, бұл жоба елімізде "электрондық үкімет құру" жобасының аясында әзірленіп жатыр. "Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, электронды үкімет жобасын халықтың қолында жеке компьютері, үкіметтің шлюздары мен порталдарына қол жеткізу мүмкіндігі болмайынша жүзеге асыру мүмкін емес",- деді ол.
Жоба авторлары "халықтық компьютерді" Алматыдағы "Алатау" техносаябағының аумағында өндіруді ұсынып отыр. "Техносаябаққа салықтан жеңілдіктер көрсетіліп, оның инфрақұрылымы тегін пайдаланалатындықтан, біз құны 300 доллар тұратын дербес компьютер өндіре аламыз",- деді Б.Әбдірәсілов.