Оны кім талап ете алатыны туралы адвокат Надежда Гельдт айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшылар 24 күнтізбелік күнге созылатын негізгі демалыстан бөлек, кей жағдайда, қосымша ақылы демалыс алуға құқылы", - дейді "Право знать" Telegram-арнасының авторы.
Мұндай демалыс мына тұлғаларға:
- ауыр жұмыстармен, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- ұзақ мерзімді үздіксіз жұмыс істеген, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ көтермелеу ретінде өзге сипаттағы жұмыстарды орындаған қызметкерлерге беріледі.
Заңгер адамдардың алғашқы екі санаты үшін қосымша демалыстың ұзақтығы кемінде 6 күнтізбелік күнді құрауы тиіс екенін атап өтті.